16 Қаз 2020
О школе

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Атауы Жүктеу
1 Штатное расписание xlsx



Тақырыбы:

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»

Пікір талас сағаты. 2021-2022 ж

Тақырыбы: «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» пікір талас сабағы.

Тарих пәнінің мұғалімі: Кадиралиева Д. Н.

Мақсаты:

“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру.

Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту

Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру

Көрнекілігі: плакат, кітаптар, видео

Өткізудің нысаны: Тәрбие сағаты

Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұхбат, құқықтық ақпарат

Барысы:

1.Ұйымдастыру

Көрме ұйымдастыру:

«Жемқорлық – ғасыр дерті» атты сурет иллюстрациясы

2.Кіріспе сөз: Салеметсиздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған. сыбайлас жемқорлық жергілікті проблема болудан қалып,ұлт шегінен тысқары құбылысқа айналғаны, оның қоғамды және барлық елдердің экономикасын қамтып отырғаны белгілі.

Мектебімізде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын,тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылған. Клуб сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу бағытында жұмыстарды атқаруда.

Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынна сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп түсініктеме берілген.

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты ашық тәрбие  сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!!

2-жүргізуші: тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

1 топ: Оң қанат –жақтаушы және 2 топ: Сол қанат-даттаушы пікірталас өткізу. Ең күшті аргументтер келтірген топ жеңіске жетеді. Бейнежазба көрсетіледі

Олай болса 2 топқа тапсырма: оң қанат-«Сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін» сол қанат «Жоқ ,сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін емес» тақырыбына жақтайтын және даттайтын аргументтер беру тапсырылады.

1-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық.

 2-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке    бірлесе қарсы тұруымыз керек. 

1-жүргізуші:  «Сыбайлас жемқорлық» деген не?

“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік - “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін шыққан. Рим құқығында "corrumpire" түсінік болған, ол “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.

Бейне роликке назар аударайық! (видео ролик көрсетіледі)

Топтарға тапсырма: Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?

Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па немесе бұрыс па?

(2 топ бірден аргумент келтіреді

ҚР  37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін  қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті  реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары жатады.

1-жүргізуші: ҚР ҚК 361 бабына сәйкес Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылып, 2000 АЕК айыппұл төлеу, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу немесе шектеу жазалары қолданылады.

2-жүргізуші:  ҚР ҚК 366 бабына сәйкес Пара алғаны үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан айрылып, параның 50еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады.

1жүргізуші: ҚР ҚК 368 бабына сәйкес Парақорлыққа делдал болғаны үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан айрылып, параның 10еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады.

2-жүргізуші:  Келесі сөзді жақтаушы және даттаушы топтардың мүшелеріне берейік.

1 оң қанат- жақтаушылар (аргументтерін келтіреді)

2 сол қанат-даттаушылар (аргументтерін келтіреді)

Сабақты қортындылау:

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, барша әлемге танылдық, мемлекетіміздің тамыры тереңге тарап, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданды, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайымыз түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнымызды айқындадық. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойдық. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктерімізді пайдалануға тырысайық .

Патриоттық ән . Атамекен орындалады.

Анықтама

Мектебіміздегі «Адал ұрпақ» клубы мүшелері 7-8 сынып оқушылары арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында пікірталас сағатын өткізді.

Мақсаты: «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік беру; Қоғамда орын алатын жағдайларға пікірін қалыптастыру, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; Өз болашағына жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Оқушылар шараға белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды.

 


Название Скачать
1 Тарификациялық тізім pdf
2 Міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспары  pdf

«Адал ұрпақ» клубының отырысы

 

Күні: 25.09.20

Уақыты: 14:00

Тақырыбы:  Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру.

Платформа: ZOOM арқылы

Подключиться к конференции Zoom

https://us04web.zoom.us/j/71072058683?pwd=b2p6Y0x5eTRvRURzaGQ5Q2ljN0Zmdz09

Идентификатор конференции: 710 7205 8683

Код доступа: H40rUE

Өту әдісі: дөңгелек үстел

Барлығы: 15

Қатысқаны: 13

 

  1. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру.

Кадиралиева Д. Н.

- Саламатсыздарма клуб мүшелері. «Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы. Көбіне бұл термин бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты жиі қолданылады. Осыған сай термин әдетте бастапқы латын сөзінің бірінші мағынасынан шығатын кең мағынаға ие, әдепсіздік тәртіпті білдіреді.

Калиева Аружан

- Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Тасқали Мейрамбек

- Адамдардың көбі пара беру мен сыбайластықты қандай жағдайда да өздері үшін пайдалы немесе зияны жоқ құбылыс ретінде қарастырады. Ақыр аяғында бұл тек бәрі үшін «жаман» ғана емес, сондай-ақ әрбір адам үшін қауіпті. Өйткені заң билігі әділ болмаса, ол кез келген адамды бүлдіруі мүмкін және саруайымға түсіріп, жат етуі мүмкін.

Кабесов Нұрдәулет

- Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.

Мұратова Айнұр

- Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.

Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Қорытынды

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар .

 

Кадиралиева Д. Н.

Дерменева Т. С.

 

 

Шығармашылық зертхана

 

Қыркүйек (28.09.20ж) айында мектебімізде үнемі жаңартылып тұратын «Парасатты азамат» тақтасы жасақталды.

Мақсаты: Оқушыларға сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру;

Оқушылардың өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту;

Кадиралиева Д. Н.

Дерменева Т. С.

 

 

 

28.09.20 жылы 8 сынып оқушылары арасында «Қоғамдық тәртіптің негізі» «Основы общественного порядка» тақырыбында топтық жұмыс ұйымдастырылды.

Мақсаты: Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасады.

Барысы:

1.Ұйымдастыру

Көрме ұйымдастыру: «Жемқорлық – ғасыр дерті» атты парақшалар

Оқушылардың салған газеттері

2.Кіріспе сөз

Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру.

Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру:

Оқушыларға тапсырма 

- Сәлеметсіздер ме құрметті студенттер. Бүгінгі біздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты ашық тәрбие  сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!! (Слайд №1)

- Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

- Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық.

- Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес.

“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік  “параға сатып алу”, “пара” ретінде, “corruptio” деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ “corrumpire” түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.

Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

Бейнеролик.

Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?

Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па?

- Оқушылар сіздердің өз ойларыңызды білгім келіп тұр. Дайын болсақ, Жемқорлыққа мыналар жата ма? 

  1. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі – бір сыйлықты ( гүл, сағат, портрет…..) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?
  2. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?
  3. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті – үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету)

 

Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:

– қоғамның бақытты болашағын тежейді;

– елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;

– жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

 

Оқушылар белсенділіктеріңе көп рахмет. Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетейік.

 

 

Кадиралиева Д. Н.

Дерменева Т. С.

 


17 қараша 6-10 сынып оқушылары арасында «Адалдық сатылмайтын құндылық» атты өткен сурет көрмесі туралы анықтама.

 

Мектебімізде 17 қараша 2020ж  6-10 сынып оқушылары арасында «Адалдық – сатылмайтын құндылық» атты көрмесі ұйымдастырылып өткізілді.

Көрменің мақсаты: оқушыларды Отанын сүйюге, қорғауға тәрбиелеу. Туған жерін мақтан етуге оның гүлденуіне атсалысуға және адал, шыншыл орта қалыптастыруға баулу.

Көрме онлайн форматта ұйымдастырылып, барлық оқушылар белсене қатысты. Оқушылар өз жұмыстары арқылы адалдықты, елге деген сүйіспеншілігін, әділетті қоғам құрудың жолдарын көрсетуге тырысты. Белсенділік танытып, ерекше шығармашылығымен көзге түскен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Өткізген: Кадиралиева Д. Н.

Дерменева Т. С.

 


«Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» тақырыбында өткен дөңгелек үстел анықтамасы.

 

5 қазан 2020 ж Мектебімізде 9 сынып оқушылары арасында «Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: «Мәңгілік Ел» жалпы азаматтық құндылықтарды насихаттау, заң алдында барлығының тең екендігін үйрету, еңбексүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Бүгінгі дөңгелек үстелімізді  Б.Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген мына қанатты сөздермен басталды. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу – заман талабы.

«Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында  құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарын, сондай-ақ біздің елімізде оның қалыптасу ерекшеліктері талқыланды. Жиында оқушылар өз ойларын ортаға салды.

Дайындаған: Кадиралиева Д. Н.

Дерменева Т. С.

 


Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында оқушылар арасында облыстық «Адалдық адамдық белгісі!» брейн ринг ойынының өтуі туралы анықтама.

 

Мектебімізде 27. 01. 21 жылы Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының жоспарына сәйкес «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында оқушылар арасында облыстық «Адалдық адамдық белгісі!» қашықтан брейн-ринг зияткерлік ойыны өтті.

Сайыс мақсаты: қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттау;

Ойын үш кезеңнен тұрды: бірінші кезең Қазақстан тарихы, екінші кезең мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар және үшінші кезең заңдардан құралған сұрақтардан тұрды. Сайысқа 9 сынып оқушылары Болатов Арманжан, Жаңбұрш Аманбол, Мұратова Айнұр қатысқан болатын. Ойынның алғашқы кезінен бастап оқушылар қызғушылық танытып, белсенді қатысып Алғыс хатпен марапатталды. 

 

 

Кадиралиева Д. Н.

 

 


Орал қаласы №12 Жалпы орта білім беретін мектеп

2020-2021 оқу жылы

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының атқарған жұмысы туралы

АҚПАРАТ

 

«Адал ұрпақ» клубының мақсаты: адамгершілігі жоғары, жауапкершілікті, бастамашыл және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриотты қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар жасау.

Міндеттері: бағытталған рухани-адамгершілік және

азаматтық-патриоттық тәрбие беру;

- оқушылардың саяси және құқықтық білімдерін қалыптастыру;

- адамгершілік-этикалық құндылығын қалыптастыру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық негіздерін қалыптастыру;

Оқу жылының басынан бастап клуб мүшелері жұмыс жоспарын бекітіп, жоспарға сәйкес жұмыстанды. Қыркүйек айында Кадиралиева Д. Н. Дерменева Т. С жетекшілігімен клуб мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта zoom платформасы арқылы дөңгелек үстел оздырылды. Сонымен қатар «Парасатты азамат» шеберлік зертханасы ұйымдастырылып нәтижесінде үнемі жаңартылып отыратын тақта (стенд) жасақталды. Дерменева Т С жетекшілігімен клуб мүшелері арасында «Основы общественного порядка» тақырыбында дискуссиялық практикум өтті. Оқушылар белсене қатысып, тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Қазан айында 1-11 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілер мен кураторлардың жетекшілігімен «Біздің сыныптың көшбасшысы» атты еліміздің сайлау заңы негізінде сюжетті рольдік ойын ұйымдастырылып, өткізілді. Кейін осы шара негізінде мектеп көшбасшысы сайланды.

Кадиралиева Д. Н. Дерменева Т. С. Ұйымдастыруымен онлайн форматта «Біздің таңдауымыз құқықтық мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оздырылды.

Караша айында «Образ честного и неподкупного труда» тақырыбында мектеп оқушылары арасында сурет сайысы ұйымдастырылып, үздік жұмыстардан көрме ұйымдастырылды.

Желтоқсан айында «Получение государственной услуги» тақырыбында ойын практикумы ұйымдастырылды.

15.02. 21 жылы «Ыбырай Алтынсарин – ұлы дала ағартушысы» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді.

22.02.21 жылы 9 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді. Онда адалдық пен парасаттылық қағидаттарын насихаттауға арналған әлеуметтік бейне ролик тамашалап, оқушылар өо ұстанымдарымен бөлісті.

25.03.21 жылы «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбында адалдық сағаты өтті. Ақынды толғандырңан мәселелер бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Автордың пікірінше әдәлдік қана адамдарды «өзара таласудан» және «қан төгуден» құтқара алады. Әділдік – бұл бақыт пен күштің кілті деп түсіндіреді. Бұл сөздер жас ұрпақ үшін бағдар мәңгілік темірқазып болып қала бермек.

Сонымен қатар «Батыс Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейі және алдын алу жұмыстары туралы» интернет конференцияның тыңдаушысы болдық.

30.03.21 жылы «Қазбек би мұрасындағы парасаттылық қағидаттары» тақырыбында адалдық сағаты өтті.

02.04.21 жылы «Әйтек би: парасат биігі мен сөз құдіреті тақырыбында» адалдық сағаты өтті.

Клуб мүшелері жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстанып келе жатыр. Сонымен қатар, клуб мүшелері мектеп оқушыларын ұйымдастырып белсенді жұмыс жасауда.

 

Кадиралиева Д. Н.

 


"Ақжайық адалдық алаңы"

07.04.2021 ж күні Орал қаласы білім беру бөлімі ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен ZOOM платформасында №12,№26,№29 мектептер арасында жоспарлы онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге тәрбие орынбасарлары, 9,11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатыстырылды. Кездесуде "Ақжайық адалдық алаңы" жобалық кеңесінің менеджері Катиева Лаура Бақытжановна Адалдық сағатын өткізіп, бейнеролик көрсетті. Оқушыларға онлайн кездесу жақсы әсер қалдырды.


 

«Адалдық адамдық белгісі!»

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ??? оқушылар арасында қалалық «Адалдық адамдық белгісі!» қашықтан брейн-ринг зияткерлік ойыны өтті.

Брейн-ринг Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының жоспарына сәйкес «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен өтеді.
Мақсаты: қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттау.
Ойын мемлекеттік тілде қашықтықтан (ZOOM платформасы арқылы) өткізілді. Сайыс үш кезеңнен тұрды: бірінші кезең Қазақстан тарихы, екінші кезең мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар және үшінші кезең заңдардан құралған сұрақтар.
Сайысқа #12 ЖОББ мектебінен Сұңқар тобы Жаңбұрш Аманбол, Мұратова Айнұр, команда капитаны Болатов Арманжан қатысты.
Сайысқа қатысушылар
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
3. 2015-2025 жылдарға арналған ҚР жемқорлыққа қарсы стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап беріп өз білімдерін көрсетті. Осы сайыста #12ЖОББМ "Сұңқар" тобы Алғыс хатпен марапатталды.

 

 


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»


Оқушылар арасында ағарту, насихаттау, құқықтық сананы тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру мақсатында 20 қазан күні,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында 8 сыныбында тәрбие сағаты өткізілді. Бейне презентациялар қаралды, топтық жұмыс, «Сыбайлас жемқорлыққа не себеп болады?», «Сыбайлас жемқорлыққа не әкеледі?» пікірталастары жүргізілді. Нәтижелерді қорытындылай келе, оқушылар сыбайлас жемқорлық қоғамды іштен бұзады деген қорытындыға келді.

 


 


 «Адал ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы.

 

Біздің мектепте 2016 жылдан бастап жұмыс істейді.

Клуб жетекшілері: Кадралиева Д.Н., Дерменева Т.С.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жоғары сынып оқушыларымен жұмыс жасайтын тарих пәнінің мұғалімдері.

Клуб мүшелерінің саны: көшбасшыға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті тексеруге көмектесетін 15 адам (9-11 сыныптар) тек орта мектепте ғана емес, сонымен қатар 5-8 сынып оқушылары арасында.Жыл басында клуб отырыстарында клуб жыл бойына жұмыс жасайтын жоспар анықталады. Клубтың әр мүшесі өзіне бірдеңе қосуға, қызықты оқиғалар мен тапсырмалар беруге тырысады.Клуб мүшелері 5-8 сыныптарда жұмыс жасағанды, сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша ағарту жұмыстарын жүргізгенді қатты ұнатады.Клубтың жұмыс істеген уақытында көптеген сабақтар, сыныптан тыс шаралар, сынып сағаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді. Жыл сайын студенттермен «Сыбайлас жемқорлықты қалай болдырмауға болады және оған қарсы қалай күресу керек» тақырыбында әңгіме өтеді, мұндай әңгімелер кезінде балалар өте ашық және әрқашан өз көзқарастарын білдіруге қуанышты. Жігіттер сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған іс-шараларға белсенді қатысады.


«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» - бұл біздің клубтың ұраны және біз бұған әрине назар аударамыз. Сондай-ақ, біздің клуб жемқорлыққа қарсы интеллектуалды ойындармен айналысады. Олар әр түрлі жағдайларды қарастырады, постерлер салады, бейнежазбаларды талдайды. Клуб мүшелері диктант, әңгіме, сауалнама жүргізеді, проблема бойынша өз пікірлерімен бөліседі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдармен танысу маңызды, мұны клуб жетекшілері жүзеге асырады. Сонымен қатар басқа мектептер арасында семинар түрінде тәжірибе алмасу бар. Жалпы, клуб жұмысы жас ұрпақ үшін өте маңызды және қажет.