15 Нау 2021
О школе

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

Мектеп 1922 жылы ауылшаруашылық тәжірибе станциясы негізінде шағын мектеп ретінде ашылды. Мектептің ашылуына мұрындық болған Делиникайс Сергей Андреевич болды. Бір сыныпта 15 оқушыдан, 8 жастан 15 жасқа дейінгі балалар оқыды.

Біздің мектеп қиын 1930-1945 жылдардан да сүрінбей өтті. 1930 жылдан бастап мектеп екі ағаш ғимаратта орналасты.

1945 жылы мектеп Ауыл шаруашылығы министрлігі Орал құрылыс монтаж зауытыны ғимаратының екінші қабатына көшірілді. Бірінші қабатта Ұлы Отан соғысы кезінде Устманнан көшірілген СМО зауытының цехтары орналасқан еді.

1956 жылы мектеп тарихында бірінші рет оныншы сыныптардың бітіру кеші өтті. 1955 - 1956 жылдары мектепті 39 түлек бітірді.

1969 жылы Деркөл елді мекенінде жаңа, үш қабатты типтік мектеп пайдалануға берілді.

Жаңалықтар