bkogov.kz Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіз! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.
«№12 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімі
bkogov.kz
Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіз! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.
AA+
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!

Жазғы кезеңде 2024-2025 оқу жылына 1-сыныпқа келетін мектепалды даярлықпен қамтылмаған балалар үшін ата-аналардың қажеттілігі ескеріліп,мектеп жанында мектепалды даярлықтың қысқа мерзімді бағдарламасын іске асыратын «Балақайлар мектебі» өз жұмысын бастайды.
Бағдарламаның мақсаты – балаларды бастауыш мектепте оқуға дайындау.
Міндеттері: құзыреттіліктерді дамыту (физикалық қасиеттерді дамыту, коммуникативтік дағдыларды, танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту, шығармашылық дағдыларды, балалардың зерттеушілік іс-әрекетін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды қалыптастыру); мектепте оқуға тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік-психологиялық
дайындықты қалыптастыру; баланың оқуға ынтасын қалыптастыру; баланың білім алуға деген қызығушылығы мен қалауын, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауын дамыту.
Бағдарлама мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты көздейді, педагогтер мен ата-аналарға балаларды мектепте оқуға дайындауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаны меңгеру нәтижесінде балалар құрдастар тобына жеңіл бейімделеді, әрекеттерді бірге орындау арқылы оларда ынтымақтастық
қалыптасады, өзіне деген сенімділігі артады.
«Балақайлар мектебінің» сабақтары 2024 жылдың 1-тамызынан бастап 9:00де басталады.

2/5