15 Нау 2021
материалы сош 12

«Мектепке жол» акциясы

  «Мейірімді жандар»

Әлеуметтік жағынан қормалған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» Республикалық акциясы  31 отбасындағы 53 мектеп жасындағы балаларды оқу-құралдарымен, спорттық киім және аяқ киіммен қамтыды.

Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту - барлық азаматтың борышы.

Демеушілер «Орал қ. Деркөл кенті әкімі», «Ауыл партиясы», «Облыстық кәсіподақ ұйымы», «Халық банкі» балаларымызды мектеп құралдарымен және сөмкесімен қуантты. Сыйлықтарды тарту барысында оқушыларға тілектер айтылып, жаңа оқу жылы сәтті басталсын деп кеңес айтылды.

«Литейный Механический завод»  еліміздегі жағдайға байланысты, балаларды компьютер және планшеттермен қамтамасыз етті.

№12 ЖОББМ демеушілерге көрсеткен көмектері үшін шексіз алғыс айтады!

 

 


«Мын алғыс»

Қазіргі таңда, материалдық көмекке мұқтаж адамдар көбейіп бара жатқанда, өзгенің проблемасын өз проблемасы ретінде қабылдай алатын адамды табу өте қиын, осы тұста біздің оқушыларымызға үлкен көмек көрсеткен жандар табылды,  және ондай адамдардың әлі де бар екендігі қандай керемет! Демеушілердің жауапкершілігі мен көмегінің арқасында жағдайы төмен отбасында тұратын оқушылар биылғы оқу жылын жақсы көңіл-күймен қарсылады.

№ 12 ЖББМ  оқушыларына көмек көрсеткені үшін демеушіміз - «Каспий банкі» АҚ директоры Дмитрий Юрьевичке шын жүректен алғыс айтамыз.

Дмитрий Юрьевич, біздің мектеп оқушыларына мектеп формасы, аяқ киім, кроссовкалар мен спорттық костюмдер түрінде материалдық қолдау көрсетті.

Дмитрий Юрьевич - сіз ізгі іске үлес қосу арқылы оқушыларға жылулық пен үміт сәулесін сыйлайсыз. Сіздің жомарттығыңыз, жанашырлығыңыз және мейірімділігіңіз үлгі боларлықтай.

Сізге және сіздің ұжымыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас қуат, бизнесіңізге өркендеу, үлкен бақыт және барлық мәселелерде сәттілік тілейміз.


Жаңа 2020-2021 оқу жылының қашықтықтан басталуына байланысты, оқуға арналған техникалық құралдардың болмауы білім беру мекемелерінің өзекті мәселесіне айналды. Биылғы жылы оқу процесінің ерекшеліктеріне байланысты «Мектепке жол» акциясы көмекке мұқтаж балаларға компьютер, планшет және ноутбук табыстады.

2020 жылы «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларынан шыққан 77 оқушыға компьютер, ноутбук, планшет түрінде көмек көрсетілді. Литейно Механикалық зауыты біздің 4 оқушымызға 272 000 теңге құрайтын планшет және компьютер сыйлады.